Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмалары қарқынды жүзеге асып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмалары қарқынды жүзеге асып жатыр

06.05.2024

Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмалары қарқынды жүзеге асып жатыр. Соның бірі су үнемдейтін технологияларды енгізу. Қазір бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды.

Мәселен Су ресурстары және ирригация министрлігі ұңғымаларды бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемін 80%-ға дейін ұлғайтты. Сондай-ақ су үнемдеу жүйелерін орнатуға кететін шығындарды субсидиялау мөлшері де 50%-дан 80% ұлғайтылды. Әрі Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 шақырым суару желілері цифрландырылады. Бұл жыл сайын 600 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазір 2030 жылға дейін жоспар әзірленген. Оған сай, су үнемдеу технологиялары артып, суармалы жерлердің 50 пайызын қамтымақ.


Хабарламаларға жазылу