Индер мен Махамбет аудандарында өзен суы қауіпті деңгейден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индер мен Махамбет аудандарында өзен суы қауіпті деңгейден асты

06.05.2024

 Атырауда тасқынға қарсы шаралар күшейтілді. Ал, екі ауданда су қауіпті деңгейден асып кетті. Толығырақ жағдайды баяндау үшін Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шықты. 

 Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Индер мен Махамбет аудандарында жауаптылар тасқынға қарсы қамданып жатыр. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге 50-ден астам техника сақадай-сай тұр. Екі ауданда 37 эвакуациялық пункт дайындалған. Индер ауданындағы Жарсуат, Қызылжар және Құрылыс ауылдық округтерінде 33 жүкті ана бар. Егер су Жарсуат, Қызылжарға келген жағдайда пациенттер Индер аудандық орталық ауруханасына, ал Құрылыстағы емделушілер Бөдене ауылдық округіндегі ауруханасына орналастырылады. Махамбет ауданында да осы секілді эвакуациялық жоспар бекітілген.
Қайсар Абдалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Барлығына хабарласып алдын-ала ескерту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек диспансерлік есепте тұратын пациенттерге дәрілердің қоры беріліп жатыр. Біз қазір эвакуациялауға толық дайынбыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жалпы облыс бойынша жаға бекіту 99,6 пайызға аяқталды. 522 шақырымнан астам бөгет соғылды. Қазір штабпен 112 участоктің 55-іне кезекшілік ұйымдастырылған. Судың қай уақытта және қандай жылдамдықпен ағып келетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ нөпір су 3-4 күнде келіп, тоқтайды деген болжам бар.


Хабарламаларға жазылу