Сарапшы: Үйді мемлекет салып бергені дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Үйді мемлекет салып бергені дұрыс

08.05.2024

Тасқын қауіпі бар жерлерде үй салуға заңмен тыйым салу керек. Сарапшының айтуынша, мұндай норма болашақта үйлерді қарғын судан қорғап қана қоймай, сақтандыру саласын дамытуға да оң әсер етеді. Сондай-ақ экономомист Жәнібек Айғазин өтемақы төлеуге қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, мемлекет шығынды мұқият есептеп, әділ өтеуі керек. Бірақ өтемақыны қолға беруге болмайды, - дейді.

Жәнібек Айғазин, экономист:
Кез келген нәрсені қолдаушылар немесе қарсы пікір айтушылар болады. Әрине әркімнің өз таңдауы бар. Біреулер ақшаны қолымызға берсін деп айтуы мүмкін. Бірақ сол ақшаға мемлекеттің үй салып бергені дұрыс. Өйткені қаржы қолға тисе, мақсатсыз жұмсалып кетуі мүмкін. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу