Ұлыбритания толығымен дерлік маңызды минералдар мен минералды өнімдердің импортына тәуелді. Қазіргі уақытта, бұл елде кен орындары жоқтың қасы және сирек металдарды игеру жолында көптеген кедергілерге тап болуда.
Ал қолда бар кен орындарын жетілдіргенше, біраз жыл өтеді. Тұманды Альбион алдағы ондаған жыл бойы сырттан тасымалданатын пайдалы қазбаларға толығымен тәуелді болмақ. Әлемдегі саяси оқиғаларға байланысты Британ үкіметі, маңызды минералдарды жеткізудегі көшбасшы ел Қытайға кіріптар болғысы келмейді. Сондықтан, Қазақстан сияқты кен орындарына бай мемлекеттермен серіктестік байланыс орнатуды жөн санап отыр.
Нусрат Гани, Ұлыбритания СІМ-нің мемлекеттік министрі:
Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, оны ілгері жылжытуға бағытталған батыл қадамдар жасалып жатыр. Жол картасының нәтижесінде Қазақстанда британиялық компаниялар көкжиектерін кеңейтіп, тәжірибелерімен бөліседі деген зор үміттеміз.
Қазақстанда қазір 18 сирек жер элементі бар. Оның сегізін Ұлыбританиямен бірлесе отырып өңдеу мәселесі пысықталып жатыр. Өйткені, маңызды минералдарға бай болғанымызбен оларды игеретін технология жоқ. Қос ел арасындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін ынтымақты нығайту жөніндегі Жол картасы бойынша жұмыстар басталып кетті.
Марина Бекенова