Қоғам қайраткері: Қираған үйлерді қалпына келтіруді Үкімет өз мойнына алуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам қайраткері: Қираған үйлерді қалпына келтіруді Үкімет өз мойнына алуы керек

10.05.2024

Ел бойынша су жайылған өңірлерден 54 мыңнан астам адам үйіне оралды. Мұны Төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Атырау облысында бөгет салу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өткен тәулікте, ұзындығы 300-ге метрге жуықтайтын бөгет салынған. Есіл өзенінің су деңгейі де мамандардың жіті бақылауына алынған. Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда жаңа үй салу жұмыстары жүріп жатыр.

Қоғам қайраткері Рахман Алшанов тасқын судан қираған үйлерді қалпына келтіруді Үкімет жасағаны абзал дейді.

Рахман Алшанов, Экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері:
Жағдайды пайдаланып жақсартуымыз керек. Үкіметке кішкене шығын болуы мүмкін. Бірақ Үкімет болмаса ешкім сала алмайды. Жол салып, жарықты өткізу керек.  Жеке адам оны сала алмайды.  Бір жағы ауылдың жағдайын жақсартуға мүмкіншілік болып тұр. 


Хабарламаларға жазылу