Президент «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

10.05.2024

Мемлекет басшысы Экономиканы ырықтандыру шараларына қатысты Жарлыққа қол қойды. Құжат бәсекелестікті дамыту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін алдымен Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құрылмақ.

Бұл ұйым жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтердің талаптарын әзірлейді. Сонымен бірге, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорындағы корпоративтік басқару мен сатып алу процестері жолға қойылмақ. Бұдан бөлек квазимемлекеттік ұйымдардың коммерциялық қызметінің қолжетімділігі, техникалық шарттарды алу және инженерлік желілерге қосылу рәсімдерін жеңілдету мен автоматтандыру көзделеді. Жарлықта бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге басымдық берілген.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу