Дипломат күйеуінен қорлық көрген әйел елге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дипломат күйеуінен қорлық көрген әйел елге жеткізілді

10.05.2024

Күйеуімнен зорлық-зомбылық көрдім деген Карина Мамаш елге жеткізілді. Балаларымен бірге Астанадағы кризистік орталыққа орналастырылды. Қалалық полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш мемлекеттен көмек сұраған еді. Ол күйеуінен соңғы 10 жыл бойы қорлық көріп келе жатқанын және өзінің сондай-ақ, балаларының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан болатын. Сәйкесінше Сыртқы істер министрлігі дипломатты елге қайтаратын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу