Уругвайда толассыз нөсер жаңбыр жауып, тасқын жүрді. Табиғи апат елдің 10 ауданын жайлаған. Су деңгейі көтеріліп жатыр. 2 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге қоныс аударған. Олар уақытша паналарда тұрып жатыр. Ал кейбір тұрғындар үйлерін тастап кетуден бас тартты. Жағдай бақылауға алынғанымен, қауіп әлі де сейілген жоқ.
Арай Төлегенқызы