Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі жазда қолданысқа беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі алғашқы автомобиль туннелі жазда қолданысқа беріледі

11.05.2024

Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуы арқылы өтетін еліміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы биыл жазда аяқталып, қолданысқа беріледі. Мұны Көлік министрлігі хабарлады. Бүгінде бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталған.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу