Тұңғыш қазақ қызы эверест шыңын бағындырды. Бұл жетістік туралы «Kazakh Everest Team» командасы хабарлады. Ең биік шыңға өрмелеп шығуға бес тәулік қажет болыпты. 8000 метр биіктікті бағындыру кезінде экспедициялардың көпшілігі кері қайтқан. Тек бес елдің альпинисі Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың қатарында біздің отандастарымыз да бар. Тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан алғашқы қазақ қызы Анар Бурашева болды. Ал оның серігі альпинист Мақсат Жұмаев бұл шыңды осымен үшінші рет бағындырып отыр.
Оңғар Алпысбайұлы