«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында 40-тан астам өзен жағалауы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында 40-тан астам өзен жағалауы тазартылды

13.05.2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ақмола облысында да жалғасын тапты. Үш мыңға жуық адам Бурабай курорттық аймағындағы 40-тан астам өзен жағалауын қоқыстан тазартты. Көпшілік суға шомылатын жағажай аумағы да ретке келтірілді. Бұл шараға еріктілер, жастар мен өңір тұрғындары атсалысты. Жалпы облыста экологиялық айлық басталғалы бері 70 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 16 мыңнан астам көшет отырғызылған.

Күлмайра Имақанова, тұрғын:

Бүгін міне, «Таза Қазақстан» акциясын естіп, үйде отыра алмай, отбасымызбен бірге осы жинауға келіп отырмыз. Киелі Бурабай жерін әрдайым сақтап, дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетеміз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу