Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы археологиялық қазба орындарын су басу қаупі бар. Жайық деңгейі тәулік сайын көтеріліп, ырық берер емес. Қазір аумақта жаға бекіту жұмыстары күшейтілді. Қауіпті аймақтарда Қорғаныс министрлігінің 200-ге жуық әскери қызметшісі мен Төтенше жағдай министрлігінің 51 қызметкері екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.
Қайрат Нұрлыбаев, Махамбет ауданының әкімі:
Судың қарқыны көбейіп келеді күннен-күнге. Осы бағытта Сарайшық ауылын қорғап қалу үшін жұмыстар жасалып жатыр. Күні-түні. Жарықтар қондырылуда. Топырақ салынған қаптар төселуде. Және де техникалар мен топырақ та төгіліп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт