«Қазақ қызға үйленем» - Төреғали Төреәлі (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ қызға үйленем» - Төреғали Төреәлі (БЕЙНЕБАЯН)

10.10.2016
«Қазақ қызға үйленем» - Төреғали Төреәлі (БЕЙНЕБАЯН)

Аты-жөнім болады Төреғали Төреәлі,

Жүрегімнің жартысын көрген жоқпын мен әлі.

Қыздар маған қосылмай, қарайтындай досындай,

Үйленбегем негізі түрім өзі осындай.

Қайырмасы:

Эх, жаным, қыздар-ай,

Жас жүрегім сыздады-ай.

Сыздатуға жүректі

Неге құмарсыздар-ай,

Ғашық шығарсыздар-ай.

Орыс қызын сүйген ем,

Ақыл айтып, ми жеген.

Әдетіне төзбедім,

Ерін төстеп билеген.

Үнді қызын сүйген ем,

Кездескенде киномен.

Есімінен шатасып,

Гита, Зита дей берем.

Қайырмасы:

Эх, тілімен түйреген,

Қабақ шытсам күйреген.

Қадірімді білетін,

Қазақ қызға үйленем.

Еріндері кеседен,

Басқа жерге тимеген.

Қадірімді білетін

Қазақ қызға үйленем,

Қазақ қызға үйленем.

Қытай қызын сүйген ем,

Көптігінен именем.

Қайын жұртым кеп қалса,

Сыймаймын ғой үйге мен.

Өзбек қызын сүйген ем,

Күнде биге сүйреген.

Билегені демалыс,

Демалысы күйбелең.

Қайырмасы:

Қыздар маған сенбейді,

Сенбеген соң тергейді.

Тергеуші қыз алдында,

Ақталғым да келмейді.

Мың жүректі сыздатып,

Мың жүректі мұздатып.

Ең соңында сыйлаймын,

Бір жүрекке шын бақыт.

Мың сұлудың қиялы,

Телефонда ұялы.

Әрі кетсе жүрекке,

Төрт-ақ ару сыяды.

Хабарламаларға жазылу