Сарапшы: Мемлекет үйдің өтемақысын ақшалай бермей, үй салғаны дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Мемлекет үйдің өтемақысын ақшалай бермей, үй салғаны дұрыс

13.05.2024

Қарағанды облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы тасқын «судың кесірінен баспанасыз қалған тұрғындарға үй ақысын қаржылай берген тиімсіз деп санайды. Билік халыққа жаңа үй сатып алып бергені дұрыс немесе жаңасын салып беруі керек»,- дейді Ермек Әбілдин.

Ермек Әбілдин, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы:
Үйді шайып кеткен жерге үй салып берген дұрыс деп ойлаймын. Бірақ ол үйдің сапасы жоғары болуы керек. Ақшалай берсе ұтылып қалуы мүмкін. Себебі бізде нарық тұрақты емес қой. Құрылыс бағасы шарықтап кетуі мүмкін. Егер алып беріп жатқан үй халықтың көңілінен шығып жатқан болса неге болмасқа?! Алып берген дұрыс деп ойлаймын.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу