Дзюдодан Әлем чемпионатына баратын спортшылар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан Әлем чемпионатына баратын спортшылар анықталды

13.05.2024

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Абу-Дабидегі Әлем чемпионатына қатысатын 7 спортшының есімін атады. 48 келі салмақта Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева бақ сынамақ. Ал «52 келіде ешбір спортшыны қатыстырмаймыз. Бұл салмақтағы қыздарымыз әлі чемпионат деңгейіне жеткен жоқ »,- деді бас бапкер. Бақыт Құсақбаева 57 келіде сынға түссе, Эсмигуль Куюлова 63 келіде белдеседі. Ал 70 келіде Екатерина Токареваға сенім артамыз. 78 келі салмақта Аруна Жангелдина сынға түседі. 78 келіден жоғары Камила Берліқаш күреседі.

Дархан Рахымжан


Хабарламаларға жазылу