Атырау облысында нөпір су бөгеттерді бұзып, елдімекендерге қауіп төндіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында нөпір су бөгеттерді бұзып, елдімекендерге қауіп төндіріп жатыр

14.05.2024

Атырау облысында нөпір су бөгеттерді бұзып, елдімекендерге қауіп төндіріп жатыр. Кеше Сарыөзек каналын су жарып, сай салаға жайылды. Канал Махамбет ауданынан бастау алып, Атырау қаласы мен Еркінқала ауылдық округімен өтеді. Жауапты мамандар дереу іске кірісіп, бөгетті қайта бекітті. Махамбет ауданы Сарайшық ауылында да бөгет астынан су кетті деген хабар тарады. Бұрынғы жерасты құбыры жарылып, ауылға қауіп төндірген. Шұғыл түрде 11 техника мен ауыл азаматтары жұмылып, бөгет жанына құм төгіп, суға тосқауыл қойды. Ауданға қарасты Талдыкөл ауылында эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. 150-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу