А.Мырзахметов 5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Мырзахметов 5 жылға сотталды

14.05.2024

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айып тағылып, 5 жылға сотталды. Ол 2022 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы Б. есімді азаматты түрмеден алып шығуға және оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуға уәде беріп, алаяқтық жолымен туыстарынан 13,9 млрд теңге алған. Сот оны Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша айыптап, үкім шығарды. Мырзахметов мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 10 жылға дейін қызметке орналасу құқығынан айырылды. Әрі қылмыстық жолмен келген 5,8 млрд теңгесі тәркіленді. Бұған дейін алған «Құрмет» және 3 дәрежелі «Барыс» мемлекеттік наградаларынан айырылды. Оның барлық мал-мүлкіне қойылған шектеу сақталатын болды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу