Ресейдің Санкт-Петербург қаласында суға батқан автобус жолаушыларына көмекке барған қазақстандық марапатталды. Ерхан Ахтановқа қала губернаторы марапат табыстап, қала гербі салынған сағат сыйға тартқан. Автобус апаты мамырдың онында болды. Сол кезде 26 жастағы отандасымыз оқиға орнына жақын жерде болыпты. Бірден өзенге құлаған автобус жолаушыларын құтқаруға тырысқан. Ол Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының тумасы. Санкт-Петербургте білім алып жүр.
Арай Төлеген