Қызылордада апатты жағдайда тұрған су торабы күрделі жөндеуден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада апатты жағдайда тұрған су торабы күрделі жөндеуден өтті

14.05.2024

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде апатты жағдайда тұрған су торабы күрделі жөндеуден өтті. Сырдария өзенінің суын реттейтін гидро нысанның үстімен араға 10 жыл салып, көлік қатынасына рұқсат берілді. Су торабы 1956 жылы салынған. Ескі өткел апаттық жағдайға байланысты жабылған болатын. Дегенмен, қайта ашылған су торабының үстімен ауыр жүк көліктерінің өтуіне шектеу қойылған.

Хақберді Мамбетов, қала тұрғыны:

Мынау негізі жақсы болды. 10 жылдан бері барып-қайтудың өзі 25 км. Мына жақтан 3-ақ км. Мына жақта Айдарлы, Жетікөл, Амангелді барлықтарына пайдалы деп есептеймін.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу