Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады. Жаслан Мәдиев Президент алдында жасанды интеллектіні енгізу және отандық IT-компаниялардың экспорт нарығына шығу перспективасы туралы баяндады.
Және реинжиниринг міндеттемесі - заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралғаны туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоақев мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Тәуірбек Бозекен
