«Қазпошта» Алматыда жоғары технологиялық қойма салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпошта» Алматыда жоғары технологиялық қойма салады

14.05.2024

«Қазпошта» Алматыда ауданы 40 мың шаршы метр болатын «А» санатындағы жоғары технологиялық қойма салады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған компанияның басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты. Нысан Еуразия кеңістігінде негізгі транзит торабына айналуға тиіс, - деді. Сонымен бірге ол Қытай, ЕуроОдақ, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия бағыттары бойынша Қазақстанның жүк өткізу әлеуетін арттыруға ықпал етпек. Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын жақсарту және логистикалық әлеуетін арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

 Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:
 «Қазпошта» акционерлік қоғамы 2019 жылдан бері алғаш рет 2,4 миллиард теңге көлемінде табыс тапты. Акционеріміз «Самұрық Қазына» қорына 1,5 миллиард теңге тарихи жоғары дивидендтер төленді. Өткен жылғы таза табыстың арқасында өндірістік қызметкерлердің жалақысын артыруға жұмсалды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу