Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың баспанасын мемлекет салып бергені дұрыс. «Бұл ең алдымен әділдікті қамтамасыз етеді», - дейді Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт. Мемлекет және қоғам қайраткері Жетісу өңірінде Қызылағаш апаты кезінде тұтас ауылды қалпына келтіргенін еске алып, осы тәжірибені қолданған жөн деп санайды.
Ермек Келемсейіт, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:Қаражат берсін деген, үйтсін, бүйтсін деген мәселе мүлдем дұрыс емес. Оның аяғы үлкен шуға, дауға айналады. Онан кейін оны еш жерде дәлелдеп беруге мүмкін болмайды.
Қуаныш Қанатұлы