Еліміздің сыртқы резервтері артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің сыртқы резервтері артты

14.05.2024

Сәуір айында таза алтын мен валюта қоры 5,7 пайызға өсіп, 38 млрд АҚШ долларына жетті.

Әсіресе алтын қорының үлесі басым. Бүгінде сыртқы резервтің 41 пайызы валюта активтері болса, 59 пайызы осы қымбат металлға тиесілі. Ал Ұлттық қор активтері керісінше азайған. Өткен айда 60 млрд доллардан 59,1 млрд долларға кеміді. Бұл қордың инвестициялық табысының ай сайын балалардың жеке шотына аударылып жатқанымен байланысты.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу