Ардагерлер кеңесінің мүшесі: Үкімет салып берген баспана – ең ұтымды шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер кеңесінің мүшесі: Үкімет салып берген баспана – ең ұтымды шешім

15.05.2024

Үкімет салып берген баспана – екі тарап үшін де ұтымды шешім. Өтемақыны қолға қаржылай алу берекесіз болады. Республикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Болат Темірбаев пікірі - осы. Айта кетейік, су тасқынынан баспаналары зардап шеккендерге , мемлекет үйді салып беру немесе таңдаған тұрғын үйін сатып алып беру мәселесін қарастырып жатыр.

Болат Темірбаев, Республикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:
Әркімнің пікірі әртүрлі болады. Мәселен кейбіреулер балалары не туыстары емденіп кетіп жатыр. Сондықтан баспананы Үкімет үй салып, үйдің кілтін берсе, дұрыс болар еді. Соны бақылайтын қоғамдық мәселемен айналысқандар, ардагерлер кеңесі де бақыласа деген ойым бар.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу