Елімізде бір жылда азық-түлік 14% қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір жылда азық-түлік 14% қымбаттаған

15.05.2024

Елімізде бір жылда азық-түлік 14 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше күріш 20, жеміс-жидек 17, жұмыртқа 15, нан 10, сүттің бағасы 9 пайызға көтерілген. Дәрі-дәрмек те 11 пайызға қымбаттап, жиһаз бен құрылыс материалдары 6 процентке қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша бұған инфляция әсер еткен. Десе де ол жыл басынан бері 9,5 пайыздан 8,7 процентке дейін азайды. Өткен айда Премьер-министр Үкімет пен Ұлттық банкке тұтынушылық инфляция мөлшерін 8 пайыздан асырмау қажеттігін тапсырған еді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу