Ел азаматтарының 70 пайызының жеке жинағы жоқ. Ұлттық банк өкілдерінің халық арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесі осындай. Оған еліміздің әр аймағында мың жарымнан астам адам қатысқан. Олардың жасы 18-ден жоғары. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттерің 70 пайызы жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретіндерін, жинаған ақшасының жоқ екенін айтқан. Ал жинағы барлары оны негізінен депозитте сақтайтыны белгілі болды. Тұрмыс жағдайының жақсаруына қатысты сұраққа жартысы оң өзгеріс барын, қалғаны бір қалыпта екенін жеткізген. Белгілі болғандай, респонденттердің көбін қымбатшылық пен инфляция алаңдатады. Тіпті кейбірі жыл соңына дейін инфляция 16 процентке дейін шарықтауы мүмкін деген болжамдарын айтқан.
Досжан Маратұлы