Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді. Президент бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндайға мүлде жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы: «Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл бағытта Роберт Фицо елеулі рөл атқарды»,-дей отыра, Премьер-министрдің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді.
Нұрсұлтан Тілектес