Шымкентте ауыр жүк көлігі жүргізушілерінің жол ережелерін бұзу дерегі жиілеген. Көліктік бақылау испекциясының дерегініше, биыл жыл басынан бері 800-ден аса осындай құқық бұзушылық анықталып, айыппұл салынған. Оның дені автокөлікке шамадан артық жүк тиеген. Сондай-ақ рұқсат құжатының жоқтығына қарамастан халықаралық жүк тасымалымен айналысып, оған қатысты талаптарды бұзғандар да көп. Құзырлы органдар ереже бұзған көлік жүргізушілеріне биылғы жылдың 5 айының өзінде 100 миллион теңгеден астам айыппұл салды. Ауыр жүк көліктерінің ережеге сай қозғалуын реттеу мақсатында аймақта рейдтік шаралар жүріп жатыр.
Ғани Қалмаханов