Астанада кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалау мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалау мәселелері талқыланды

16.05.2024

Кәсіпкерлер қылмыстық қудалауға негізсіз ұшырамауы тиіс. Астана қалалық сотында өткен жиында осы мәселе көтерілді. Оған судьялар мен құқық қорғаушылар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қатысты. Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлерге қатысты шағымдарды қараудың және іс-әрекетті сотқа дейін санкциялау мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша бизнестің мүдделерін қорғауға бағытталған жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты ұсынымдар қабылданды.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу