ЕуроОдақ босқындарға бассауға беру ережесін қатайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕуроОдақ босқындарға бассауға беру ережесін қатайтты

16.05.2024

ЕуроОдақ босқындарға бассауға беру ережесін қатайтты. Ұзақ жыл текетірестен соң ЕуроОдаққа мүше мемлекеттер миграциялық заңнамалар реформасын бекітті. Жаңа ережеге сәйкес, Марокко, Тунис, Бангладеш сияқты қауіпсіз мемлекеттерден келген мигранттарды елдеріне қайтару механизмі күшейтілген. Сондай-ақ, босқындарды Италия мен Грекиядан басқа Одақтың өзге елдері квота жүйесі арқылы өздеріне орналастыруға міндетті. Егер, қабылдаудан бас тартса, ақшалай көмек көрсетуі тиіс. Frontex шекаралық бақылау агенттігінің мәліметінше, былтыр ЕуроОдаққа 330 мың заңсыз мигрант келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 64 пайызға көп.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу