Бүгін Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері бірлесіп ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту бағдарламасы басталды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған шараға арнайы делегациясы келеді. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер мен білікті коуч мамандар бар. Шараның басты мақсаты - екі елдің мемлекеттік орган өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, тәжірибе алмасу.
Әбіл Ерлан, ҚР Перезиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:
Орталық мемлекеттік органның вице-министрлері, департамент басшылары, академияның өкілдері, жалпы қатысушылар саны 33. Осы 33 адам бірнеше топқа бөлінді. Сол топ бойынша өздерінің жобаларын іске асырып жатыр. Және осы жобаларын БАӘ келген мамандармен талқылай отырып ұсынатын болады.
Абдулла Нассер Лута, БАӘ министрлер кабинеті министрінің Бәсекеге қабілеттілік және тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі орынбасары:
Бүгінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени, экономикалық байланыс нығайып жатыр. Тек ол ғана емес, міне, бүгін мемлекеттік қызметкерлер тәжірибе алмасуда. Ол дегеніміз біз үшін де үлкен мәртебе. Алдағы уақытта ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайынбыз.
Тәуірбек Бозекен