Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысы өтті

16.05.2024

Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші отырысы өтті. Жиында су-энергетикалық, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жан-жақты талқыланды. Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов трансшекаралық өзен ресурстарын тиімді басқару, суды тең және әділ пайдалану бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ қатысушылар Орталық Азия елдері арасында көлік логистика әлеуетін арттыру мәселесін де көтерді. Тараптар ынтымақтастықты жалғастырып қана қоймай дамыта түсуге мүдделі екендерін жеткізді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу