Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарлады. Өңір басшысы азаматтардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, су тасқынынан мүлкі зардап шеккендерге шығынды өтеу тәртібін түсіндірді. Тұрғындардың нысаналы шоттарына нарық құны бойынша шамамен 200-240 мың теңге төленетінін айтты. Сондай-ақ әкім халыққа баспана бойынша бөлінетін өтемақыны тек жаңа тұрғын үй сатып алуға, пәтер салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ғана жұмсау керектігін айтты. Қаржылай көмек беру алдағы 2 апта ішінде жүргізілмек.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:Сіздерден өтініп сұрайтыным, бұл қаражатты бергеннен кейін мақсатты жұмсалуы. Мынау апаттық болған үй бұзылуы керек.
Динара Жарқынбек