Абай облысында «Өрт-2024» республикалық оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында «Өрт-2024» республикалық оқу-жаттығуы өтті

16.05.2024

Абай облысында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Бұл жолы өрт сөндірушілер былтыр ауқымды орман өрті болған Семей орманындағы қызыл жалынды сөндірді. Жиында Төтенш жағдайлар министрлігінің бір жыл ішінде атқарғанн жұмысы мен жаңа техникасы таныстырылды.

Биылғы оқу-жаттығу алғаш рет жаңа форматта өткізілді. Қызыл жалын әуелі орман алқабынан тұтанып, өрт көрші ауылға тарады. 400-ден астам маман мен 80 арнайы техника өрттің алдын-алуға жұмылдырылды.

Рамиль Камалов, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы: 
Егер осы алгоритмге сәйкес біз алғашқы минуттарда жедел әрекет етсек, онда өрт енді тұтанған кезеңінде жойылады деп ойлаймын. Құрлық күштерімен келіп, оны тез жоюға уақыт болады. Атап өткім келетіні, орман өртін сөндіру жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқаратын жұмыс.

Оқу-жаттығудың нәтижесі бойынша өрт сөндірушілер «жақсы» деген баға алды. Себебі мамандар өртті анықтаудан бастап сөндіруге дейінгі 7 кезеңдегі тапсырмаларды бұлжытпай орындады.

Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
Бірінші кезеңде 4 өрт ошағы сөндірілді. Екінші кезеңде Бурабай ауылының тұрғындарын Дмитриевка ауылындағы эвакуациялық пунктке апарды. Үшінші кезенде «Ауыл» станциясының аумағына келген өрт сөндіру пойызынан техникаға қажетті жаңармай алынды. Осы оқу-жаттығулардың өткізілуін төтенше жағдайлар министрлігі жоғары бағалады.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі жуырда су жаңа 4 ұшу аппаратын сатып алған болатын. Оны бүгінгі жаттығуда сынап көрді. Ұшу аппараттары тепловизормен және видеокамерамен жабдықталған, 25 келігедейін жүк көтеруге мүмкіндігі бар. Бұл өртті ерте анықтауға таптырмас құрал.

Бақытгүл Қазез


Хабарламаларға жазылу