Павлодар облысында қарақұрт жұмыртқаларын жою жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында қарақұрт жұмыртқаларын жою жұмыстары басталды

17.05.2024

Баянауыл ұлттық паркінде қарақұрт жұмыртқаларын жою жұмыстары басталды. Зиянкестердің бұл түрі Павлодар өңірінде бұрын болмаған. Алғаш рет былтыр Торайғыр көлі маңында табылған. Тау етегінен туристер көріп, біраз әбігер тудырды. Ал, парк аумағы ерекше қорғалатындықтар, химиялық препараттар қолдануға болмайды. Сондықтан қауызын жарып үлгермей, жұмыртқаларды аса ептілікпен жинап алу үшін мамандар жұмылдырылды.

Алтынбек Құрманов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы:

1,5 мың жұмыртқасы жойылды былтырғы жылы. 356 аналығы қарақұрттың арнайы түрде жойылды. Ол мына оңтүстіктен ыстық жақтан келеді. Кейінгі 2-3 жыл аптап ыстық, жаңбырсыз болғандықтан олар бізде пайда бола бастады. Жалпы, құстың қанатымен келеді, деп есептейміз оның жұмыртқалары. Сосын жеміс-жидекпен оңтүстіктен келеді.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу