Риддердің жылу желілерін жөндеуге 2,4 млрд теңге бөлінеді. Премьер-Министр Олжас Бектенов бұл мақсатқа Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Риддердің әбден тозығы жеткен жылу желілерінің былтыр 78 пайызы жөнделіп, қалыпқа келтірілген. Алайда, бұл қаланы үздіксіз жылумен қаматамасыз етуге жеткізіліксіз. Сондықтан 50-ден астам участкеде жұмыс жүргізіледі. Одан бөлек, республика бойынша 10 қалада 10 энергия блогы, 55 қазандық пен 45 турбина жөнделеді.
Нұрсұлтан Тілектес