Кәсіпкерлерді сотқа куәгер ретінде шақыру азайтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді сотқа куәгер ретінде шақыру азайтылады

17.05.2024

Бизнесті бірігіп қорғайды. Қаржы мониторинг агенттігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл үшжақты келісімге қол қойды. Қазір бұл саладағы қылмыстық істердің 80 пайызы электронды түрде тіркеледі. Енді оны арттырып, кәсіпкерлерді куәгер ретінде сотқа шақыру дерегін азайту көзделіп отыр. Бұл олардың қауіпсіздігі үшін жасалмақ.

Қанат Нұров, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл:

Кәсіпкерлердің құқығын қорғап, бизнестің дамуына мүмкіндік жасау біздің ортақ мақсатымыз. Бұл үшжақты келісімнің берері мол бол болады деп сенеміз. Ең батысы саладағы жемқорлық пен қылмыстың жолын кесуіміз керек.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу