Шымкентте май өңдеу зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте май өңдеу зауыты салынады

17.05.2024

Шымкентте май өңдеу зауыты салынады. Бүгін малайзиялық компания мен Қазақстанның бизнес өкілдері осындай келісімге келді. Кәсіпорын өндіретін май, трансформатор құрылысында пайдаланылмақ. Бүгін екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форум өтіп, 7 меморандумға қол қойылды. Олардың барлығы бірлескен жобаларды жүзеге асырып, екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға бағытталған. Әсіресе ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты, зергерлік бұйымдардың айналымы мен өндірісті дамытуға назар аударылған.

Еркебұлан Ілиясов, кәсіпкер:

Біріншіден, біз сапаны жоғарылатамыз. Екіншіден, бағасы өзіміздің өндіріс болғандықтан, Шымкентте, Қазақстанда жасалғандықтан бағасы төмен болады деп отырмыз. Шикізат, базалық май дейміз ғой оны ШНОСымыз бар, Атырау, Павлодардағы мұнай өңдеу затыттарымыз бар. Солардың арқасында шығарамыз деп отырмыз.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу