Елімізде 11 мыңнан астам адам банкрот деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 11 мыңнан астам адам банкрот деп танылды

17.05.2024

Ал несие алып, қарызын төлей алмай жүргендер үшін банкроттыққа өтініш беру жалғасып жатыр. Бүгінде 11 мыңнан астам адамның қарызы кешірілді. Олардың жалпы берешегі 25 млрд теңгеден асады. Тағы 5 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралып жатыр. Нақты жауабы 6 ай тексерістен кейін белгілі болады. Алайда ресми түрде «банкрот» статусын алмай жатып, арызын қайтарып алғандар да бар. Бір жылда мыңға жуық адам өз өтінішін кері қайтарған. Оның себебін түсінуге болады. «Банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Сондай-ақ оның қаржылық жағдайына үш жыл бойы бақылау жүргізіледі.

Меруерт Сисембаева, ҚР ҚМ МКК дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы:
75 пайыз өтініштерді біз мақұлдамай жатырмыз. Неліктен? Кейбір кезде азаматтар біле тұра мүлігі бар немесе қарыз сомасы көбірек екеніне қарамастан, соттан тыс банкроттыққа беріп жатады. Кейбір кезде қолданыстағы заңның қолданылмай жатқан тұстары бар. 

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу