Жергілікті атқарушы орган басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жергілікті атқарушы орган басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті

18.05.2024

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің су тасқыны салдарын жою жөніндегі есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді. Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу