Диетолог: Фастфуд ағзаға өте зиян - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диетолог: Фастфуд ағзаға өте зиян

18.05.2024

Қазақстандықтар жылына фаст-фудқа 400 миллиондай доллар жұмсайды екен. Әрі бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді. Жеңіл ас салдарынан туындайтын ауру түрі де көбейді. Мамандар фасфуд адамның ағзасын зақымдайтынын айтады. Бар гәп - бургер мен сэндвичке қосылатын лутамат дәмдеуішінде, - дейді. те. Аида Ахметбек рет-ретімен.

Аида Ахметбек, тілші:

Бұл не? Көкөніс? жо-жо-жоқ. Жұмыртқа бұл да жоқ. Жарма мұны дайындап жататын уақытым жоқ. Негізі адам күніне 5 уақыт тамақтануы тиіс. Алайда, қазір жастардың 50-60 пайызы бұлай тамақтанбайды. Себебі фасфуд өнімдеріне құмар. Оған біз алған келесі сауалнама дәлел.

Бауыр рагы. Әдетте аты жаман бұл дертке вирусты гепатит әсер ететін еді. Ал қазір фас-фудты азық еткендердің басым бөлігі бауырдың циррозына шалдығады, - дейді мамандар.

Ләззат Жұмағазиқызы, эндокринолог-диетолог:

Әр жеген сайын бізде инсулин көтеріліп отырад та, қанттар да көтеріліп, тез қарын аша береді адамның. Поэтому қазір жейміз де 40 минуттан кейін қарнымыз ашады қайтадан. Углеводтарды көп жеген сайын ең бірінші бізде бауыр зардап шегеді. Өт жолында өмірі тас жиналады. Бәрін қабылдайтын ішек. Дұрыс қорытпайды. Іші өтеді. Іші қатып жатады.1-16

Фаст-фуд құрамындағы қауіпті дәмдеуіштердің бірі – глутамат. Міне, ауруға душар ететін де осы. Мамандардың айтуынша, жеңіл ас дайындайтындар тағамды күн ұзаққа бір маймен шыжғырады. Ал, қытырлақ картоптың тез тұтанып жанатын себебі, құрамында трассгенді май көп, - дейді мамандар. Психологтар фасфудқа әсіресе, күйзелісте жүрген адамдар үйір болатынын айтады.

Жанат Әбдіжамиқызы, психотерапевт:

Көп стрессте жүретін адамдар фасфуд жегенді жақсы көреді негізі. Ол дәмді. Вкусовой анализаторға қатты әсер етеді. Адамдар сол моментте ләззат алады. Кешке таман жеген фасфуд көбінесе ұйқысыздыққа әкеледі. Ұйқысы нашар болған адам ол ертең күндіз де нервысы тынықпаған адам, күндіз де өзін бей-жай сезінеді. Сөйтіп біртіндеп психика бұзылады.

Сондықтан мамандар жеңіл астың орнына жеміс-жидек пен көкөніс, жаңғақ пен сүт өнімдерін қолдануға кеңес береді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу