Әрбір адамның салауатты қоршаған орта қалыптастыруға құқығы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әрбір адамның салауатты қоршаған орта қалыптастыруға құқығы бар

18.05.2024

Әрбір адамның салауатты қоршаған орта қалыптастыруға құқығы бар. Бұл 100-ден астам мемлекеттің конституциясында бекітілген. Алматыда Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия - Еуропа Кеңесімен бірлесіп, осы тақырыпта көктемгі мектеп ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның заң факультетінде оқитын 40-тан астам студентң қатысты. Шара, Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің «Орталық Азиядағы заң үстемдігі» бірлескен бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Мартинш Митс, Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотының судьясы:

Орталық Азия мемлекеттерінің бірнеше елінен келген студенттер үшін бұл расында, өте пайдалы басқосу болды. Көктемгі мектептің өтуіне Еуропа Кеңесінің денсаулық сақтау бағдарламасы ұйытқы болды. Қоршаған орта әлемнің барлық елі үшін өзекті тақырып. Сондықтан бірігіп қабылданған кейбір маңызды шешімдер Еуропа және басқа мемлекеттерде таза табиғатқа деген құқықты қолдауға көмектеседі.

Ерасыл Қапаров, студент:

Еуропа ұйымының шығарған конвенциясына байланысты біз әрбір заңдарға тоқталып, әрбір заңдарды талқылап оларға түсінік беріп және өзіміздің ҚР заңдарымен сәйкестендіріп, үлкен тәжірибе алып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу