Алматыда жер сілкінісі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

20.05.2024

Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу шаһар тұрғындарына бүгін таңғы сағат 10:10-да сезілген. Сейсмикалық станциялар желісі таратқан ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 308 шақырым жердегі Қытай аумағында болған.

Зілзала ошағындағы дүмпудің магнитудасы – 5,7 балл. Ал Алматыда жер сілкінісінің күші 2 балға дейін сезілді. Айта кетсек, ертең сағат таңғы 10:00-де ескерту жүйесін тексеру мақсатында Алматыда сирена ойнайды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дабыл іске қосылған кезде тұрғындар ғимараттардан алдын-ала белгіленген қауіпсіз орындарға шығуы қажет. Сондай-ақ, сейсмикалық дайындық жүргізіледі.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу