Ақмола облысының Атбасар ауданында 77 үй тұруға жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының Атбасар ауданында 77 үй тұруға жарамсыз

20.05.2024

Ақмола облысының Атбасар ауданында су басқан 300-ден астам үйдің 77-сі тұруға жарамсыз. Қалған 171-і күрделі жөндеуден өтеді. Комиссия осындай шешім қабылдады. Қазіргі таңда аймақта бағалау жұмыстары аяқталған. Дүние-мүлкі бүлінгендерге өтемақы толық көлемде төленеді. 342 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіштегі біржолғы әлеуметтік төлем алған. Ал баспаналары апатты деп танылған тұрғындар жаңа үйлеріне алдағы 3 айда қоныстанады. Сондай-ақ, Атбасар қаласында қауіпті аймақта тұратын халыққа жаңа баспана беріледі. Қазіргі таңда 100 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Аманбек Қалжанов, Атбасар ауданының әкімі:

Салынып жатқан үйге қаражат көзі толығымен шешілді. 15 тамызда бұл үйлер іске қосылады. Сол секілді қосымша үшінші 300 пәтерлі үй салынатын болады. Оған да суға кеткендер, кезекте тұрған адамдарды толыққанды көшіреміз деп отырмыз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу