БҚО-да жаңа үйлер ірі бизнес өкілдерінің қаржысына салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жаңа үйлер ірі бизнес өкілдерінің қаржысына салынады

20.05.2024

Батыс Қазақстан облысында зардап шеккен тұрғындарға берілетін жаңа үйлер ірі бизнес өкілдерінің қаржысына салынады. Бүгін Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев өңірге кәсіпкерлермен бірге барып, тасқыннан кейінгі жағдайды көрді. Облыста 466 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылды. Қазір Сырым, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі аудандарында құрылыс басталды. Тамыздың соңына дейін жаңа үйлер тапсырылуы тиіс. Бір үйдің құны - инженерлік желілерімен қоса, 30 млн теңге болады. Ал саяжайларда 9 мыңға жуық үйге залал келгені анықталды. Әзірге солардың 2600-ден астам тұрғынның жалғыз баспанасы деп танылды. Алайда 15 мыңнан аса саяжай учаскесі әлі су астында тұр. Сондықтан техникалық сараптау, бағалау баяу жүріп жатыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Қала әкімі 20 күн ішінде бағалауды бітіреміз деп тұр. Бірақ біз сол мерзімді қысқартып отырмыз. Он күннің ішінде бағалау жұмыстарын бітіру керек. Сонда ол кісілерге не пәтер сатып аламыз, не үй сатып аламыз, не үй салып береміз. Қаражат бар. Демеушілік көмегімен, бюджетте қарастырылған. Оның бәрін 3-4 ай ішінде істеуге болады. /

Ал эвакуациялық орталықтарда 2300-дей адам тұрып жатыр. Айта кетейік зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй құрылысы еліміздегі бірнеше ірі компаниялар мен банктердің қаражатына салынады не пәтерлер сатып алынатын болады.

 Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу