Жетісу облысында көпір бекіту жұмыстары қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында көпір бекіту жұмыстары қолға алынды

21.05.2024

Жетісу облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан өзендердің деңгейі көтеріліп, республикалық маңызы бар жолға қауіп төнді. Атап айтқанда, Алматы-Өскемен трассасындағы Көксу өзенінен өтетін үлкен көпірдің қорғаныс дамбасын су шая бастады. Облыстық әкімдікпен, күштік құрылымдармен жедел штаб құрылып, шұғыл түрде жағалау бекіту жұмыстары басталып кетті. 75 адам 43 техникамен жағаға инертті материалдар төгіп, бетондармен бекітуге кірісті. Жұмысты жеделдету мақсатында автожолдың бір бөлігі уақытша жабылды. Қазселденқорғау мекемесінің мәліметі бойынша Көксу өзенінің арнасымен секундына 340 текше метр су ағып жатыр. Ал қауіпті деңгей секундына 564 текше метр.

Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:

Көксу ауданының әкімдігі, Ескелді ауданының әкімдігі және ҚазАвтожол қызметкерлерімен жұмылдырылып, қазіргі таңда жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қауіп жоқ. Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Жағдай тұрақты қазір.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу