«Ұлы дала жорығы – 2024»: Жарыс жолынан екі команда шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы – 2024»: Жарыс жолынан екі команда шығып қалды

21.05.2024

Павлодар облысында басталған «Ұлы дала жорығы 2024» марафон-бәйгесі жалғасып жатыр. Бұл жолы шабандоздар 200 шақырым қашықтықта кім мықтыны анықтады. Аламанның екінші күні 15 командамен жалғасты. Шабандоздар таң қылаң бере Екібазтұз қаласының маңынан елордаға қарай бет түзеді. Өкінішке қарай, жарыс жолынан тағы екі команда шығып қалды. Қатысушылар әр 25 шақырым сайын ат аялдатып, тынығып алуға мүмкіндігі бар. Осылайша 100 шақырымға созылған екінші кезеңде Маңғыстау, Жетісу облыстары мен Алматы қаласының шабандоздары мәреге бірге келді. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жобаның жеңімпаздары 15 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Сонымен қатар, халықаралық жорықта ел намысын қорғайтың ұлттық құрама сапына кіреді.

Ерсін Рахымбаев, Алматы облысы командасының капитаны:

Бүгінгі жарыс аттарға сәл қиындау болды. Өйткені, кешегі 100 шақырымды аяқтағаннан кейін денесі қайта қалпына келуі үшін аурып тұрды. Бүгін сәл қиындау. Сондықтан, аттарды кішкене тоқтаттық, қатты жүріске салмай. Өйткені денесі үйрену керек. Бүгін үйренсе, ертеңнен әрі қарай жақсы болып кетеді.

Фархат Қаналы


Хабарламаларға жазылу