Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Онда: «Иран президенті мен осы елдің Үкімет делегациясы мүшелерінің қазаға ұшырауы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз»,-деп жазды Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
Мен халқымның атынан қайғырып көңіл айтамын. Президент Ибрахим Раиси нағыз мемлекет қайраткері еді. Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде оның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға қосқан үлесі зор екенін атап өттім. Әрі Раисидің Қазақстан мен Иран арасындағы ынтықтастықты нығайтудағы ықпалын да жоғары бағалаймыз.
Али Акбар Джоукар, Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Елшісі
Осылай елшілігімізге келіп көңіл айтқаныңыз үшін алғысымыз шексіз. Президент Раиси Қазақстанмен арадағы қатынастарды бауырлас әрі достық байланыс деп сипаттаған еді. Әрине, қазір ауыр кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бірақ екіжақты байланыстарымызды әрі қарай да нығайтуымыз маңызды. Тағы да алғыс айтып, еліңізге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін.
Айя Мүтәлі