Жаңаөзенде екі бірдей мемлекеттік балабақшадан 30 миллион теңге ұрлаған бухгалтер сотталды.
Прокурорлық тексерудің нәтижесінде оның екі мекеменің бюджетіне қол сұғып, қаражат жымқырғаны анықталған. Сот үкімімен ол шартты түрде 6 жыл бас бостандығынан айырылды. Ал 30 миллион теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке толық қайтарылды.
Аягөз Оралбайқызы