Қарағанды облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

21.05.2024

Қарағанды облысының бірнеше қалаларымен аудандарында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді. Кеншілер қаласының заңды тұлғалары үшін төлем ақы 15%-ға арзандады. Шағын және орта бизнес үшін жаңа тариф – сағатына 1 киловатт үшін 33 теңге. Ал Шахтинск, Саран, Абай және Бұқар Жырау аудандарының бизнесі үшін электр энергиясы 10%-ға арзандады. Жаңа тарифтер 2024 жылғы 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қымбат Бейсенов, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

Біріншіден - төмендету себебі, делдалдарды жою барысында, реттелмейтін электр жабдықтаушы мекемелердің лицензиясы тоқтатылды. Төмендету кәсіпкерлерге 10 пайыз арқылы кәсіпорындарын ары қарай жалғастыра алады. Себебі білесіздер тариф қымбат деген арыздар түсе бастады.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу